Бірге біз- күшпіз!

Қазақстан Кәсіподақтары күнін мерекелеу қарсаңында «Қызмет» салалық кәсіподағының Орталық кеңесі Астана қаласы бойынша филиалмен бірлесіп елорда маңындағы «Бейбарыс» демалыс орнында тимбилдинг өткізді.Тимбилдингке кәсіподақ комитеттерінің төрағалары мен белсенділерін қосқанда 100-ден астам адам қатысты.

Салтанатты ашылу бөлімінде «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов құттықтау сөз сөйледі.

«Бүгін біздің іс – шараға орталық мемлекеттік органдардың, елорданың мемлекеттік органдарының, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, бухгалтерлер мен қазынашылардың өкілдері қатарынан 100-ден астам кәсіподақ активтері қатысып отыр. Біз түрлі ойындар мен тапсырмалардан өту арқылы ұйымшылдыққа бағытталған белсенді корпоративтік демалысты ұйымдастыру мақсатында тимбилдинг өткізуді дұрыс деп шештік», -деді.

Тимбилдинг өткізу барысында 8 команда құрылды, олардың әрқайсысы жарыс барысында түрлі сынақтар мен конкурстардан өтті.Марапаттау рәсімі кезінде жеңімпаздар қатарынан 3 командаға жүлделі орын алғандары үшін дипломдар табысталды.

Сондай-ақ кәсіподақтың жекелеген мүшелері кәсіподақ жұмысына белсенді қатысқаны, көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі үшін және Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күнін мерекелеуге байланысты марапаттарға ие болды.

Іс-шараның 2-ші бөлімінде мерекелік түскі ас барысында музыкалық баттл өткізілді. Қатысушыларға ән, би, гитара және басқа да мәнерлі қойылымдармен өнер көрсетуге мүмкіндік берілді.

Қатысушылардың әрқайсысына «Қызмет» кәсіподағынан естелік сыйлықтар табысталды.

Мерекелік іс-шара кәсіподақ белсенділерін біріктіріп, команданың әрбір қатысушысының жеке қасиеттері мен мүмкіндіктерін ашып көрсетті.

Кәсіподақ белсенділері өз кезегінде «Қызмет» салалық кәсіподағының Орталық кеңесіне және «Қызмет» салалық кәсіподағының Астана қаласы бойынша филиалына алғыстарын білдіріп, жағымды әсерлер мен тамаша көңіл-күй алғанын атап өтті.