Үйлестіру кеңесінде еңбеккерлер мүддесін қорғау мәселелері қаралды

Бүгін «Астана қаласы салалық кәсіподақтары аумақтық құрылымдарының Үйлестіру Кеңесінің отырысы өтті. Кеңес отырысына салалық кәсіподақтар филиалдарының төрағалары және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенді мүшелері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Алмагүл Кенебаева «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын таныстырды. Ол кәсіподақ мүшелерін жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептерді және олардың салдарын жою бойынша ерікті болуға шақырды.

Әрі қарай Астана қаласының Кәсіподақтар орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов әзірленіп жатқан 2024-2026 жылдарға арналған лайықты еңбек жөніндегі Ұлттық бағдарламасы туралы айтып берді.

«Бағдарлама Кәсіподақтар федерациясының мүшелік ұйымдарының ұсыныстары негізінде құрылды, бұл біздің еліміздің азаматтарын толғандыратын өзекті проблемалық мәселелерді толық көрсетеді. Бұл жоба Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданды»,- деді төраға.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейін Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Тұжырымдаманың негізгі бағыты өтемақылық тәсілдің ескірген түрінен тәуекелге – қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы бағдарланған үлгіге көшуді қамтамасыз ету болып табылады. Оны іске асыру елімізде озық әлемдік тәжірибеге негізделген. Бұл жобаны іске асырудың әдістемесі мен құралдарын әзірлеу үшін арнайы құрылған жұмыс тобына әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптары, сарапшылар, ғылыми қоғамдастық, сонымен қатар Кәсіподақтар федерациясының өкілдері енгізілді»,-деп толықтырды Т.Күнәділов.

Жұмыскерлерді әлеуметтік қолдау бойынша Ұжымдық шарттардың сапасы мен мазмұны үнемі жаңартылып отыруы тиіс. Қаланың аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ұжымдық шарттар жасасудың үздік тәжірибелерін әзірлеу мақсатында кәсіпорындардың ұжымдық шарттарына жүйелі талдау жүргізеді, жұмыс тәжірибесімен алмасу үшін өзекті жинақтар шығарады, кәсіпорындарда көшпелі семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізілетінін жеткізді төраға.

Отырыста кәсіподақ қозғалысы ардагерлері мен еңбек жастарының жарқын өкілдерінің қатысуымен «Ұрпақтар кездесуі» форматында Қазақстанның Кәсіподақтар күнін мерекелеуді өткізу бойынша іс-шаралар дайындығы пысықталды.

Сондай-ақ келесі жылға «Қазақстан кәсіподағы» газетіне жазылуға белсенділік таныту айтылды.