Кәсіподақтық тәжірибе алмасу

Қарағанды облысының өкілдері Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің жұмыс тәжірибесімен алмасу шеңберінде Білім және ғылым қызметкерлерінің  Павлодар ұйымының «Кәсіподақ алаңына» барды.


Қарағанды облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б. Қ.Жұмабеков, Қарағанды облыстық білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлері ұйымының бас құқықтық инспекторы Л. Ш. Гасанов және Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Д. Н. Айтжанова бастаған делегация қызметтің негізгі бағыттарымен, әдістемелік және ақпараттық материалдармен, қоғамдық бірлестіктің QR-картотекасымен танысты.


Әріптестер назарына жобалық менеджментті, «Кәсіподақ Тоlqynynda»медиа жобасын қолдану бойынша жұмыс жүйесі ұсынылды. Бұл YouTube және әлеуметтік медиа үшін кәсіподақ бейне мазмұнын (сұхбаттар, подкасттар, бейне оқулықтар және т.б.) жасауға мүмкіндік беретін қолдануға ыңғайлы студия.
Сондай-ақ, қонақтарға «Digital Qasipodaq» бірегей мобильді қосымшасы таныстырылды.


Болат Қамзаұлы Жұмабеков Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының қызметін жоғары бағалап, инновациялық жобаларды енгізу, цифрландыру бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Қоғамдастықтың барлық мүшелерінің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында кәсіподақтың жарғылық міндеттерін іске асыру үшін және кәсіподақ мүшелігінің уәждемесін одан әрі дамыту үшін, сондай – ақ тиімді әлеуметтік әріптестік үшін көп нәрсе жасалды.