Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күні қарсаңында «Павлодар облысының мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Павлодар облыстық филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен мүшелері үшін «Кәсіподақ ұйымы – бірліктің негізі» атты кездесу өткізді.
Іс-шараға Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы облыстық мәслихат депутаты Д.Н. Айтжанова қатысты.
Салтанатты жағдайда Д. Н. Айтжанова Павлодар облысының мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлеріне кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі және еңбек жетістіктері үшін «Павлодар облысы кәсіподақтар орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамоталарын табыс етті.
«Павлодар облысының мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы С. Г. Осман «Павлодар облысының мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Светлана Кеңесқызы Иманқұлованың атынан салалық кәсіподақ наградаларын табыс етіп, қызметкерлердің еңбек қатынастарында туындайтын мәселелерді шешуде, жұмыс уақыты мен демалыстың ұзақтығы мен режимінде, қызметкерлер өкілдерінің-кәсіподақ көшбасшыларының жалақысының мөлшерінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
«Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнімен құттықтаймыз! Қазіргі кәсіподақ қозғалысы қызметкерлердің лайықты жұмыс орындарына, қауіпсіз еңбекке, әлеуметтік кепілдіктерге құқығын қорғайды. Марапатталғандардың әрқайсысы оның дамуына және нәтижеге жетуіне өз үлестерін қосты. Сіздерге шығармашылықты, спортты, мәдениетті дамытуда, отбасылық амандық пен зор денсаулық тілейміз», – деп марапатталғандарды Д.Н. Айтжанова құттықтады.