Ұрпақтар сабақтастығы – бұл біздің тарихымыз ! Аға буынға деген  қамқорлық пен құрмет !

Жыл сайынғы игі дәстүр бойынша, жыл сайын 10 қазанда атап өтілетін Қазақстан Республикасының Кәсіптік одақтар күнін мерекелеуге орай аға буынға алғыс білдіре отырып, Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығы Қарағанды облысының бастауыш кәсіподақ ардагерлер ұйымымен және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақтар Орталығы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесімен бірлесіп, Қарағанды облысының Кәсіподақ қозғалысының дамуына, Еңбек Адамының құқықтары мен мүдделерін қорғауға зор үлес қосқан келесі еңбек ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін үйлеріне бара отырып құттықтады.

Дьякова Татьяна – 38 жыл кәсіподақ қозғалысында жұмыс істеген коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар кәсіподағының хатшысы, содан кейін облыстық комитетінің төрайымы;

Трофимова Валентина – 30 жылдан астам жұмыс істеген мәдениет қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің хатшысы, одан кейін төрайымы;

Збаразская Мария – 36 жыл облыстық кәсіптік одақтар кеңесі облыстық кино кеңесінің аға нұсқаушысы болып жұмыс істеді.

Біздің қымбатты ардагерлерімізге жақсы көңіл-күй мен амандық тілей отырып, кәсіподақтар мен жастар өкілдері материалдық қолдау көрсетті, сондай-ақ 2024 жылға арналған «Qazaqstаn Kasipodagy» республикалық кәсіподақ газетіне жазылу бойынша сертификаттар табыс етті.

Аға буынмен бірге өткен әрбір кездесу, ең алдымен, ұрпақтар сабақтастығы, қоғамдық және еңбек қызметі туралы жылы естеліктер мен рухани әңгімеге толы баға жетпес уақыт өткізу болып табылады.

Қазақстанның кәсіподақтар күні құтты болсын! Құрметті ардагерлер мен кәсіподақ қозғалысының мүшелері, шын жүректен денсаулық, бақытты ұзақ өмір және бейбітшілік тілейміз !