Ағымдағы жылдың 11 қазан күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла Сауран аудандық бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағалары, Сауран ауданының білім бөлімінің бас маманы Адилбеков Мейржан Дилдаханович, ұйым басшылары мен кезектен тыс конференция өткізді.
Конференция барысында облыстық кәсіподақ төрағасы Жандос Шайдулла күн тәртібінде тұрған барлық мәселелерді қатысушылармен қызу талқылады.
Кездесу барысында төраға өз баяндамасында өткен жылы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Сауран аудандық кәсіподақ құрамына кірген бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысы, білім беру ұйымдарында жасалған ұжымдық келісім шарттар және жыл бойы өткізілген семинарлар мен білім қызметкерлерінің еңбек қатынастарын реттеу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында берілген заңдық кеңес есептері жайлы айтып кетті.
Өз кезегінде кәсіподақ төрағалары білім саласы қызметкерлерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салды. Сөз алғандар қозғалған мәселелерді талқылай отырып, аудандық кәсіподақ қызметін ілгерілету жайында өздерінің ұсыныстарын білдірді.
Сондай ақ кезектен тыс конференцияда облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасын сайлап, ұжымға жаңа басшыны таныстырып, жұмысына сәттілік пен табыс тіледі.
Ал Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Исатаев Ержан Ибадуллаұлы тағайындалды.