Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Д. Н. Айтжанова Кәсіподақтар күніне арналған «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының салтанатты іс-шарасына қатысты. Оған облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының кәсіподақ көшбасшылары мен белсенділері, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, әлеуметтік серіктестер қатысты. Медицина жұртшылығын Кәсіподақтар күнімен: «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ төрағасы С. Ч. Төлегенова; Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Д. Н. Айтжанова; VIII шақырылған облыстық мәслихат депутаты С. С. Абдраманова.; Павлодар облысы денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Г. О. Елтаева, «Павлодар облысы бойынша тәуелсіз медициналық сарапшылар қауымдастығы» ҚБ төрағасы Г. Е. Джакова және «Павлодар облысы «Саламатты-Павлодар» Медициналық қауымдастығы» ҚБ төрағасы Г. К. Ситказинова құттықтады.
Салтанатты іс-шара «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ қызметі туралы бейнеролик көрсетуден басталды. Іс-шара барысында кәсіподақ көшбасшылары мен белсенділері денсаулық сақтау жүйесіндегі адал еңбегі, кәсіподақ қозғалысына қосқан үлесі және ҚР Кәсіподақтар күнін мерекелеу құрметіне төсбелгілермен: С. С. Смайылов ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК хирург дәрігері, Сорокина М. Е. «Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» КМҚК емдеу-профилактикалық көмек бөлімінің меңгерушісі, Батталова Г. С. ШЖҚ «Екібастұз қаласының №3 емханасы» КМК медбикесі марапатталды. Сондай-ақ «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-ның Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен; облыстың денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталарымен; Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамоталарымен, «SENIM» облыстық кәсіподағының Құрмет грамоталарымен бағалы сыйлықтар және гүлдермен марпатталды.
«Медицина үздігі-2023» конкурсының қорытындысы бойынша баға жетпес еңбегі және номинациялар бойынша үздік деп танылғаны үшін 100 мың теңге сомасына ақшалай сертификаттармен «Стационардың үздік дәрігері» Иманов А. К., ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК неврологиялық бөлімшесінің меңгерушісі, «Үздік ауылдық дәрігер» Сексембаева А. М., ШЖҚ «Павлодар ауданының емханасы» КМК Луганск ауылының дәрігерлік амбулаториясының жалпы практика дәрігері, «Медицина колледжінің үздік оқытушысы» Алимуханова Б. Н., ШЖҚ « Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК арнайы пәндер оқытушысы; «Санитарлық-эпидемиологиялық бейіндегі үздік дәрігер» Аладова М. М., ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК дәрігер – эпидемиологы, сондай-ақ номинанттар: «Алтын скальпель» Мурсалимов А. А., ШЖҚ «№ 1 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК күйік бөлімшесінің дәрігер-комбустиологы; «Алтын фонендоскоп» – А. П. Комков, ШЖҚ «№ 3 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК токсиколог-дәрігері және «Өмір сыйлайтын алтын қолдар» М.Г. Голубева, ШЖҚ «№ 1 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК перзентхана неонатолог-дәрігері.
Марапаттау рәсімі облыстық деңгейдегі «Денсаулық сақтау саласындағы еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор-2023» атағына конкурстың үш жүлдегеріне дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыстаумен жалғасты. Павлодар және Екібастұз қалаларының медициналық колледждерінің үш студентіне 2023-2024 оқу жылына арналған «SENIM» атаулы шәкіртақы» сертификаттары табысталды.