Орал қаласында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» ҚБ XXX есеп беру – сайлау конференциясы өтті.
Конференцияға сайланған 84 делегат пен қонақтардың алдында облыстық кәсіподақ ұйымының 2018 – 2023 жылдар аралығындағы жұмыс есебімен БҚО ұйымының төрағасы М.Даупаев баяндама жасады. Ақжайық кәсіподақ комитетінің төрағасы, тексеру комиссиясының төрағасы М.Умбеталиев Тексеру комиссиясының есебімен таныстырды.
Делегаттар тарапынан БҚО ұйымы жұмысына оң баға берілді. Жарғы талаптарына сәйкес алдағы бес жылдық мерзімге Батыс Қазақстан облыстық ұйымының төрағасына Марат Даупаевтың кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан дауыс беріліп, сайланды. Конференция жұмысына Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы төрайымы А.Мукашева, Батыс Қазақстан әлеуметтік әріптестер облыстық – білім басқармасының басшысы А.Мыңбаева, Орал қаласы білім беру бөлімінің басшысы А.Темірханова, аудандық білім беру бөлімдері мен қалалық білім беру мекемелерінің басшылары, жоғары білім беру ұйымдарының басшылары; БҚО Кәсіподақтар орталығының төрағасы А.Есекенова; кәсіподақ ардагерлері; арнайы шақырумен Салалық кәсіподақтың Жетісу және ШҚО облыстық ұйымдарының төрағалары М.Төлепбергенов пен Н.Қасенова; Орталық комитеттің бөлім басшылары Р.Қыдырбаева және Е.Иманбаев қатысты.
Алдағы уақытта филиал тарапынан әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып, бірқатар жұмыстар атқару көзделген. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» төрағасы Даупаев Марат Оразалыұлын қайта сайлануымен құттықтап, еңбегіне жеміс тілейміз!