БҚО кәсіподақ ұйымы Орталық комитеттің Құқықтық жұмыс, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Райхан Кидирбаева және Ұйымдастырушылық бөлімінің басшысы Ернар Иманбаевтың қатысуымен кәсіподақ белсенділеріне арналған семинар өткізді.
Жиынды білім саласының облыстық кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев ашты. Райхан Кидирбаева салалық кәсіподақтың қызметі туралы ақпарат беріп, мұғалімдерді аттестаттау ережесінің жаңа жобасына шолу жасап, мұғалімдердің біліктілік санаттарын беру тәртібі мен білімін бағалау бойынша үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы туралы түсіндірді. Тақырып аясында кәсіподақ мүшелерітарапынан түйткілді сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
Семинар барысында, Ернар Иманбаев кәсіподақтың тарапынан берілетін марапат түрлерімен таныстырып, бекітілген ережесіне сәйкес рәсімделуіне тоқталды.Сонымен қатар,әлеуметтік әріптестік туралы үш жақты салалық келісімде көрсетілгендей кәсіподақ марапаттарымұғалімдерді аттестаттау кезінде ескерілетінінатап өтті.
Қатысушылар екі сағат ішінде салалық кәсіподақ қызметі туралы толыққанды ақпарат және өзекті сұрақтарына толық жауап ала отырып, осындай форматтағы кездесулердің жиі өткізілуіне ұсыныс білдірді.