БАСТАУЫШ ҰЙЫМ – КӘСІПОДАҚ НЕГІЗІ

Бүгін «Қалың қалай,Бастауыш ұйым?» ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев «Қазақстан темір жолы “ҰК” АҚ – “магистральдық желінің Алматы бөлімшесі» филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымымен онлайн форматта кездесу өткізді.

Іс-шараға Алматы магистральдық желі бөлімшесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері қатысты: кәсіподақ комитетінің төрағасы, цех комитеттерінің төрағалары, техникалық инспекторлар, кәсіподақ белсенділері.

Кездесуді аша отырып, “Алматы қаласының Кәсіподақ орталығы” Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Зәуреш Өмірбаева акцияны өткізудің мақсаты бастауыш кәсіподақ ұйымның жүргізіліп жатқан жұмыстар, жаңа жобалар туралы хабардар ету, проблемалық мәселелерді анықтау, оларды одан әрі шешу екенін мәлімдеді. Алматы қаласы Кәсіподақ орталығының атқарылған жұмыстармен таныстыра отырып, Зәуреш Өмірбаева өңірдегі өндірістік жарақаттану статистикасына көз жүгіртті.

«Ағымдағы жылдың ішінде, яғни 9 ай көлемінде Алматы қаласы бойынша 68 өндірістік жарақаттану оқиғасы тіркеліп, 69 адам зардап шеккен. Оның ішінде 39 адам жеңіл жарақат алса, 26-сы ауыр халде тіркеліп, 4-і қаза тапқан. Былтырғы санаққа қарағанда өндірістік жарақаттану деңгейі 13%-ға төмендеген.Халықтың жарақаттануы және жарақаттанудың алдын алу-бұл қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтаудың маңызды проблемаларының бірі. Өндірістік жарақаттануды азайту үшін еңбекті қорғау ережелерін қатаң сақтау қажет, қызметкерлер жарамды жеке қорғаныс құралдарымен және арнайы киіммен қамтамасыз етілуі керек», – деді аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы.

Әрі қарай кәсіподақ белсенділері баяндама жасап, кәсіпорындардың қызметі туралы қысқаша айтып берді. Алматы магистральдық желі бөлімшесінің негізгі міндеттері пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, магистралды пайдалану, Темір жолдарды, автоматика, телемеханика және телекоммуникация құралдарын, электрмен жабдықтау құрылғыларын, жасанды темір жол көпірлері мен құрылыстарын күрделі жөндеу, жаңғырту және реконструкциялау болып табылады.

Бөлімше құрылымына әлеуметтік қызмет көрсету бөлімдері, Өрт сөндіру және қалпына келтіру пойыздары, вокзалдар кіреді. Еңбек ұжымы 756 адамнан тұрады, кәсіподақ мүшелігі 100 пайызды құрайды.

Кәсіподақ комитетінің төрағасы Мағаш Ұзақованың айтуынша, ұжымдық шартқа сәйкес, кәсіподақ ұйымының мүшелеріне әлеуметтік көмектің кең спектрі көрсетіледі – стоматологиялық емдеу үшін өтемақы, санаторийлерге жолдама бөлу, балалардың жазғы демалысы, жас мамандарға көмек көрсету, жол жүру құжаттарына ақы төлеу. Бұдан басқа, шалғайдағы және шекара маңындағы станциялардың қызметкерлеріне қызметтік тұрғын үй бөлінеді.

Кездесуді қорытындылай келе, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев әріптестерін Республика күнімен құттықтап, кездесуге қатысушыларды республикалық және халықаралық деңгейлердегі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жұмысының негізгі бағыттарымен, кәсіподақ қозғалысының еліміздің Кәсіподақ және еңбек заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге қатысуымен таныстырды.Сондай-ақ ол «Қалың қалай, Бастауыш ұйым?» акциясының маңыздылығын атап өтті.

«Бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен өтетін кездесулер бізге қарапайым кәсіподақ мүшелерімен тікелей байланыста болуға үлкен мүмкіндік береді.Осы акцияның арқасында кәсіподақ пен әлеуметтік серіктестер еңбек қатынастарын реттеу деңгейін арттыруға және оларды өз қызметінде табысты қолдануға мүмкіндікке қол жеткізеді», – деді ол.

Кездесу соңында қатысушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығы