Астанада Astana Hub алаңында “Қазпошта” АҚ-дағы әлеуметтік ахуалдың ағымдағы жай-күйін қарауға және оны жақсарту үшін әлеуметтік әріптестік ұсынатын мүмкіндіктерді талқылауға арналған форум өтті.
Форум “Қазпошта” АҚ топ-менеджментінің, өңірлік филиалдардың, кәсіподақ активінің директорларының және “Самұрық-Қазына”АҚ жанындағы Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығының (ӘӨІҚКО) өкілдерінің қатысуымен өтті.
Форумның қонақтары Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев, “Самұрық-Қазына” АҚ омбудсмені Серікбай Трумов, ӘӨІҚКО бас директоры Елдос Өмірзақов болды.
ӘӨІҚКО мамандары “Қазпошта” АҚ-да және филиалдар бөлінісінде әлеуметтік тұрақтылықтың жай-күйін зерттеудің презентациясын, Қор компаниялары тобына қолжетімді әлеуметтік шиеленісті төмендету құралдарын ұсынды.
Баяндама соңында әкімшілік пен кәсіподақ арасындағы әлеуметтік әріптестікті жандандыру, ұжымдардағы әлеуметтік ахуалды жақсарту және басқа да мәселелер төңірегінде пікір алмасу болды.
Тараптар мұндай кездесулер өте пайдалы,тиімді және өзекті мәселелерді ашық форматта талқылауға мүмкіндік береді деген пікірге келді.
Айта кету керек, салалық кәсіподақ “Қазпошта” АҚ кадр блогымен бірлесіп, соңғы уақытта әлеуметтік әріптестік тақырыбы бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді.
2022 жылдың қыркүйегінде Щучинск қаласында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының оқу орталығымен бірлесіп “Қазпошта”АҚ филиалдарының директорлары мен кәсіподақ ұйымдары төрағаларының қатысуымен семинар өткізілді.
2023 жылдың мамыр айында Өскеменде ҚРКФ Оқу орталығының қолдауымен аудандық байланыс тораптарының бастықтары мен Шығыс Қазақстан облысының кәсіподақ ұйымдарының төрағаларының қатысуымен семинар өтті.
Астанада өткен форум бұрын өткізілген іс-шаралардың жалғасы болды.