Ташкент қаласында Халықаралық Еңбек Ұйымының «Орталық Азиядағы кәсіподақтық оқу арқылы еңбеккерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту: Болашаққа көзқарас» атты өңірлік семинары жұмысын бастады.
Үш күнге жалғасатын халықаралық басқосуға Қазақстан, Моңғолия, Тәжікстан, Азербайжан, Қырғыстан, Түркия және Өзбекстан елдері кәсіподақтарының өкілдері қатысуда. Семинардың алғы сөзінде қабылдаушы ел Өзбекстан кәсіподақтары мен Халықаралық Еңбек Ұйымының Европа және Орталық Азия бойынша референты Сергеюс Гловацкас әріптеріне ыстық ықыластарын білдіріп, еңбек адамының мүддесі мен беделін жан-жақты қорғау, құқықтық сауатты жоғары болуының маңызды екендігіне тоқталып, осы орайда кәсіподақ мүшелеріне белсенді өзара қарым-қатынасты дамытуға шақырды.
Семинар спикері ұйымның халықаралық оқу орталығы маманы Эвелин Тот Муччиччаро еңбек әлемі және кәсіподақтық білім, кәсіподақтық оқуды басқару процесі туралы әңгімеледі. Сонымен қатар қазіргі кәсіподақтық оқулардың басымдылықтары мен жаңа бағыттары туралы таныстырылым жасалды. Оқу күнінің екінші бөлігінде қатысушылармен Молдова елі оқу орталығы оқытушысы Дорин Сурачану кәсіподақтық оқулардың әсері жайлы интерактив жұмыс жүргізді. Елдердегі әріптестермен кәсіподақтық оқу мүмкіндіктері туралы тәжірибе алмасу семинарына Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев және дәріскерлер пулы мүшелері тобы қатысуда.