«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесхановтың қатысуымен Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№9 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесіне сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізілген ішкі талдаудың талдамалық анықтамасын жасап, ол бойынша түсінік берілді.
Яғни, күн тәртібінде талқыланып отырған тақырыпты орталықтың директоры З.Әбілдаева мен заңгері Е.Қожақов: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» және орталықтың 2023 жылғы 25 қыркүйек айының №35 бұйрығына негізделіп жүргізілген ішкі талдау анықтамасын баяндап, қатысушыларға нақтылап түсіндірілді.
«Қызмет мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов: еліміздің дамуына, дамыған озық елдердің қатарына қосылу үшін сыбайлас жемқорлыққа бірігіп күресу қажеттігін айтып, өзінің мол еңбек өтілі жолындағы нақты мысалдармен жеткізіп, қарапайым тілде қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың зиянын, қоғамды артқа сүйретушілік жақтарын кеңінен айтып, орталықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жүргізуі ашықтық пен адалдыққа апаратынын жеткізді.
Жиналыстың қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кесуге қатысты айтылған бірқатар ұсыныстар назарға алынды.