Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Ұлытау облысының Кәсіподақтар үйінде Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Болат Жұмабековтың кәсіподақ активімен кездесуі өтті.
Болат Жұмабеков қатысушыларды Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының қызметі туралы, еңбекшілердің заңды құқықтарын қорғау саласында бірлесіп дәйекті түрде шешілуі қажет міндеттер туралы хабардар етті.
Облыс кәсіподақтары, бұл 100 бастауыш кәсіподақ ұйымы, кәсіподақтың 18 мыңнан астам мүшесі, 2024 – 2026 жылдарға арналған Ұлытау облысының әкімі, жұмыскерлер (кәсіподақтар) мен жұмыс берушілер өкілдері арасында жаңа Келісім дайындауға кірісуі қажет.
Кездесу барысында Алмакүл Өсерова мен Мереке Жадрина – Қарағанды облысы және Ұлытау облысы мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Қазақстандық Салалық кәсіподағы филиалдарының төрағалары, Латиф Гасанов – Қарағанды облыстық ұйымының құқықтық инспекторы және Бақыткүл Қазиева – оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағының «Тәлімгер» Ұлытау облыстық ұйымының төрайымы, Балшекер Ермағамбетова – «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының Ұлытау облысы бойынша филиалының төрайымы, Әділжан Қалманбаев – Ұлытау облысының Ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары мен мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағы төрағасының орынбасары және Жеңісбек Медебаев – «Жезқазған профсервис» ЖШС директоры кәсіподақ жұмысын жандандыру және үйлестіру мақсатында Ұлытау облысының аумағында дербес Кәсіподақ Орталығын құру туралы тілектерін білдірді.
Кездесу барысында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлытау облысының барлық Филиалдары мен Жергілікті кәсіподақтарын кәсіподақтар үйінің ғимаратына орналастыру мәселелері қаралды.
Болат Жұмабеков Ұлытау облысының кәсіподақ қозғалысының көшбасшыларын айтылған барлық мәселелер мен тілектер оң шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы басшылығының назарына жеткізілетініне сендірді.