ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАР БАСТАУ АЛДЫ

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні қарсаңында, сонымен бірге бастау алғалы жатқан “Әйелдерге қатысты зорлық – зомбылыққа қарсы 16 күн” акциясы қарсаңында және Халықаралық еңбек конференциясының №190 конвенция қағидаттарын Қазақстанда насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалына қарасты “Шымкент қалалық зообағы” МКҚК ұжымымен кездесу өтті.


Аталған кездесуге “Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Алтеев Бауыржан, зообақ директоры Бұхарбай Нұрғазы, Аманат партиясының Абай ауданы бойынша атқарушы хатшысы Бертаев Есімхан қатысты.


Жиында қазіргі таңда елімізде орын алып жатқан зорлық зомбылық факттері туралы сөз болды. Кәсіподақтар төрағасы Бауыржан Алтеев тәрбие тал бесіктен басталады демекші, ең алдымен отбасыдағы тәрбиені күшейту керек екенін тілге тиек етті. Сондай ақ, ұлттық тәрбиенің зор маңызын атап өтті.


25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында іс-шаралар басталады. Негізгі мақсат – тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының алдын алу және онымен күресу.