ОРАЛДА ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ДИАЛОГ АЛАҢЫ ӨТТІ

24 қараша Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығы мен «Келешек БҚО» жастар кеңесінің ұйымдастыруымен «Жастар. Болашақ. Даму» атты диалог алаңы өтті.

Шара барысында облысымызға белгілі өз саласының үздік мамандары Кәсіподақ қозғалысы, еңбек орындарындағы қауіпсіздік техникасының сақталуы, жеке бренд қалыптастыру жолдары және жұмыс барысында орын алатын психологиялық дағдарыстың алдын алу тақырыптары бойынша сөз қозғап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, 25 қарашада бастау алатын «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы директорының м.а Мариэтта Даулетиярова өңірімізде орын алған тұрмыстық зорлық-зомбылық жөнінде статистикалық мәлімет беріп, өз тәжірибесінде орын алған оқиғалармен бөлісті.

Аталмыш шараның басты мақсаты: өңір жастарына кәсіподақ қозғалысы мен «Келешек» жастар кеңесінің жұмысы жөнінде мәлімет бере отырып, тұлғалық даму бойынша пайдалы ақпартпен таныстыру және жастар арасында нетворкинг ортасын қалыптастыру.

Осы бағыттағы диалог алаңдары әлі де жалғасын тауып, тұрақты түрде өткізілмек.