20 желтоқсан, сәрсенбіде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бейнеконференцбайланыс арқылы Кәсіподақ көшбасшысы мектебінің төртінші лек түлектерімен кездесті.
Естеріңізге сала кетейік, Кәсіподақ көшбасшысы мектебі – ҚРКФ-ның бес білім беру жобасының бірі, 2022 жылы есігін айқара ашты. Мектеп тыңдаушылары ҚР Кәсіподақтар федерациясының мүшелік ұйымдарының төрағалары мен белсенділері болып табылады.
Іс – шараны аша отырып, білім беру жобаларының авторы және үйлестірушісі – ҚРКФ ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары Ләззат Есжанова мектептің төртінші курсының аяқталғанын хабарлады.
«Жыл сайын екі ағымда 36 академиялық сағатта әртүрлі салалардағы кәсіподақтардың 100 мүшесі еңбек және кәсіподақ заңнамасын қолдану тәжірибесі, жанжалдарды реттеу, медиация және ақпараттық жұмыс бойынша біліктілігі мен білімін жетілдіреді. Оқыту семинарларының бағдарламаларын әзірлеу кезінде салалардың ерекшеліктері, тыңдаушылардың дайындық деңгейі және салалық кәсіподақтар басшыларының бұрын айтқан тілектері ескерілді. Төртінші лектің тыңдаушылары бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және үш салалық кәсіподақтың: «QAZAQMETAL KASIPODAGY», «Қазақстандық теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» және Энергетиктер кәсіподағының белсенділері болды», – деді Ләззат Есжанова.
Кездесуді ұйымдастырушылар мен қатысушылар Кәсіподақ көшбасшысы мектебінің білім беру курсының қорытындылары туралы өз пікірлерімен бөлісті.
«QAZAQMETAL KASIPODAGY» салалық кәсіподағының төрағасы Асылбек Нұралин сапалы білім беру мазмұны үшін Кәсіподақтар федерациясының басшылығы мен лекторлар пулына алғысын білдірді.
«Қазақстандық теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары Бақытжан Қуанышев алдағы уақытта офлайн форматта Кәсіподақ көшбасшысы мектебінің білім беру курстарын ұйымдастыруды ұсынды.
Өз кезегінде «Жақтау» металлургтер кәсіподағының ЛПЦ-2 кәсіподақ комитетінің төрағасы Вениамин Марченко оны білім беру жобасының тыңдаушысы ретінде ҚРКФ кәсіби лекторларының пулымен ашықтық пен тұрақты кері байланыс шабыттандырғанын атап өтті.
«Қазпрофтранс» салалық кәсіподағының Қарағанды филиалының төрағасы Яхия Алмусин техникалық инспекторлар үшін осындай білім беру курсын өткізуді ұсынды.
Соколов-Сарыбай тау-кен байыту кәсіпорны және онымен байланысты кәсіпорындар қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының заң кеңесшісі Александр Власенко келіссөздер жүргізу дағдыларын игерудің маңыздылығын және Кәсіподақ көшбасшысы мектебінің курстары кезінде кәсіподақтардың сот практикасынан кейстерді қараудың өзектілігін атап өтті.
Осы ретте, «НЖС-1» магистральдық желісі Ақмола филиалы кәсіподақ комитетінің төрағасы Айдын Байжокин Кәсіподақ көшбасшысы мектебінің онлайн форматы оқудан босатылмаған кәсіподақ жетекшілерінің көптеп студент атануына мүмкіндік бергенін баса айтты.
«АлЭС» АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы Назира Қадырқұлова мектептің курсы жергілікті жерлерде жаңадан сайланған кәсіподақ көшбасшылары үшін үлкен көмек болғанын атап өтті.
ҚРКФ спикерлер пулының лекторлары да өз әсерлерімен бөлісті. Марат Имаш, Тимур Нұғманов, Марина Иванова, Людмила Голенкова тыңдаушыларды курстардың тақырыбы мен форматын одан әрі кеңейту бойынша барлық тілектер ескерілетініне сендірді.
Кәсіподақ көшбасшылары мектебінің түлектері алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин әрбір кәсіподақ мүшесінің білімі мен біліктілігін үнемі жетілдіріп отыру қажеттігін атап өтті.
«Оқыту бір реттік іс-шара емес, тұрақты түрде жүргізілетін жұмыс болуы керек. Кәсіподақ мүшелері үшін тартымдылық екі негізгі өлшемде көрінеді-бұл олардың әлеуметтік-еңбек және экономикалық құқықтары мен мүдделерін ұсыну мен қорғаудың деңгейі мен сапасы және бұл үміттер кәсіподақ ұйымы төрағасы мен белсенділер тобының дайындық деңгейімен тікелей байланысты. Қазіргі уақытта ҚРКФ жанынан Федерация аппараттары мен аумақтық кәсіподақ бірлестіктерінің тәжірибелі кәсіподақ қызметкерлері қатарынан кәсіподақ лекторларының пулы құрылды», – деп атап өтті Сатыбалды Дәулеталин.
Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы қызметінің 2020-2025 жылдарға арналған «Әділдік пен даму күші бірлікте» Стратегиясының басымдықтарының бірі үздіксіз кәсіподақтық оқытуды ұйымдастыру болып табылады.
«Тек сауатты кәсіподақ көшбасшысы ғана жұмыс берушімен және мемлекеттік органдармен тең диалог жүргізетін тиімді әлеуметтік серіктес бола алады. Сондықтан кәсіподақ жетекшілеріне сапалы білім беру мазмұнын ұсыну мақсатында ҚРКФ Бас кеңесі 2022 жылы кәсіподақтық оқытудың тұжырымдамасын бекітті, оның негізінде үш негізгі деңгей бар: кәсіподақ кадрларын бастапқы даярлау – кәсіподақ қызметіне кіріспе, кәсіподақ ұйымдарының барлық сайланбалы және штаттық қызметкерлері үшін міндетті және кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттары бойынша модульдік оқыту. Осы дағдыларды игере отырып, қажетті біліммен қаруланған біздің кәсіподақ жетекшілері өздерін және кәсіподақ мүшелерін кәсіби түрде қорғай алады. Кәсіподақ қозғалысының беделі, имиджі мен тартымдылығы негізінен бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасының дайындық деңгейіне байланысты және біздің міндетіміз оны кәсіподақ жұмысының барлық қиындықтарына дайындау», – деп атап өтті ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.
Кездесуді қорытындылай келе, Сатыбалды Дәулеталин Кәсіподақтар федерациясының негізі бастауыш кәсіподақ ұйымдары екенін атап өтті. Алдағы уақытта Кәсіподақтар федерациясы жергілікті жерлердегі мүшелік ұйымдарды қолдауға арнайтын болады.
«Әр ұжымда әлеуметтік әділеттілік қағидатын ілгерілетудің локомотиві кәсіби көшбасшылар мен белсенділер болып табылады. Кәсіподақтар федерациясының барлық, соның ішінде халықаралық деңгейдегі жетістіктері әрқайсыңыздың күнделікті үлестеріңізбен байланысты. Кәсіподақтар федерациясы – барлығы 16 мың бастауыш, 23 салалық және 17 аумақтық кәсіподақ ұйымдары бар. Кәсіподақтар федерациясының 26 Съезінің делегаттары қабылдаған «Әділдік пен даму күші бірлікте» ұраны арқылы бір-бірімізді қолдай отырып және ең озық тәжірибелермен бөлісе отырып, бәрін бірге жүзеге асырамыз. Кәсіподақ комитетінің әрбір төрағасының артында Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы тұр», – деді Сатыбалды Дәулеталин.
Кәсіподақтар федерациясының төрағасы дәріскерлер мен тыңдаушыларға курс бойы нәтижелі, интерактивті жұмысы үшін алғысын білдіріп, барлық білім беру жобалары алдағы 2024 жылы жалғасатынына сендірді.
Айта кетейік, 2020-2023 жылдар аралығында Кәсіподақтар федерациясымен 1866 оқыту семинары өткізілді. Оның ішінде 118 290 кәсіподақ көшбасшылары мен белсенділері қамтылған дәріс, тренинг, интерактивті, онлайн және офлайн оқытулар. Оқытудың әртүрлі формалары қолданылды: модульдік білім беру марафондары, «Кәсіподақ десанты», «Құқықтық жалпы оқыту» және «Кәсіподақ көшбасшысы мектебі». Есепті кезеңнің соңына дейін Кәсіподақтар федерациясы мүше ұйымдардың басшыларының, қаржы қызметкерлерінің, оның ішінде тексеру комиссияларының, заң қызметтерінің төрағаларының қатысуымен модульдік семинарлар өткізуді жоспарлап отыр.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығы