Қызылордада мұнай саласындағы кәсіподақ белсенділері марапатталды. Тәуелсіздік күніне орай мерекелік марапаттарды Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары, «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сұлтан Қалиев аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде өткен жиында тапсырды. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов жиынға қатысушыларды жыл қорытындысымен құттықтап, өңірде еңбек-әлеуметтік қатынастарды дамыту бойынша мұнай саласында атқарылған жұмыстар үшін кәсіподақ белсенділеріне алғыс білдірді.
Жиын барысында «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресосрсиз» АҚ, «СНПС – Ай Дан Мұнай» АҚ кәсіподақ ұйымдарының жұмыстары аталып өтті.
«Кәсіподақтар Федерациясы қабылданған даму стратегиясы бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізуде. Халықаралық ұйымдардағы белсенділік пен беделді ерекше атап өткім келеді. Мұнайшылардың еңбек мүддесін білдіруді одан әрі жалғастырамыз. Саласында аянбай жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан кәсіподақ мүшелерінің марапатталуы үлкен құрметтің белгісі. Әлеуметтік әріптестік жүйесінің дамуына, ұжымдық-шарттық еңбек қатынастарын реттеуге жеке үлес қосқан кәсіподақ белсенділеріне алғыс айтамын» деді құттықтау сөзінде Сұлтан Қалиев.