Қазіргі жағдайда адам өмірінің қауіпсіздігі мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Еңбекті қорғау саласындағы кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттарының бірі – адам өмірі, қолайлы еңбек жағдайларын жасау, еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын ішкі бақылауға жәрдемдесу болып табылады.
Құрылыс кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы ҚРКФ Бас кеңесінің қаулысымен: «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жарияланған 2023 жылды қортындылады.Қауіпсіз еңбек жылына арналған іс-шараларды іске асыру шеңбері аясында Салалық кеңес «Қауіпсіз еңбекке «ИӘ» ұранымен бейнероликтер конкурсын өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары бұл байқауға белсенді ат салысты. Бейнероликтер байқауының нәтижесі бойынша Құрылыс кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің Ақтөбе облыстық филиалына қарасты «Экатон-Батыс» зауытының бастауыш кәсіподақ ұйымы жүлделі 3-ші орынды иеленді.Олар Салалық кәсіподақ төрағасы Қ. Есенғазин тарапынан алғыс хатпен марапатталды.
Ақтөбе облыстық филилал төрағасы Қуанбай Коктов «Экатон Батыс» ұжымының директоры, әлеуметтік әріптес Салават Галиевке алғыс хат табыс етті. Ол қауіпсіз еңбек жылының маңыздылығын, қызметкерлер үшін жағдай жасау қажеттілігі туралы, еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті күнделікті бақылау туралы және ең бастысы, әкімшілік пен бүкіл ұжымның қызметінде қауіпсіздік мәселесі басымдыққа ие болуы керек екенін атап өтті.