Павлодарда VIII сайланған Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары құрған “Еңбек” депутаттық тобының кезекті аумақтық отырысы өтті. Бұл іс -шара облыстық мәслихат депутаты, “Еңбек” депутаттық тобының мүшесі, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Динара Айтжанованың, “Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті” РММ басшысы Алмагүл Мұхамедованың, “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” акционерлік қоғамының Павлодар облыстық филиалының басшысы Владимир Питраковтың, Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің “Татуласу орталығы” татуластыру орталығының басшысы Марина Иванованың қатысуымен “Кастинг”ЖШС- де өтті.
Отырыстың күн тәртібіне сәйкес депутаттар “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды қоғамдық бірлестіктер мен әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”2023 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын қолдану практикасы мәселелерін қарады.
Қатысушылар зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін және 55 жасқа толған “Кастинг” ЖШС кәсіпорнының қызметкерлері болды. Қызметкерлер кәсіпорынға алғаш рет депутаттар мен мемлекеттік органдардың бірінші басшылары келгенін атап өтті. Олардың айтуынша, депутаттар ұйымдастырған уақтылы түсіндірудің арқасында олар зиянды жағдайларда еңбек қызметін тоқтатып, арнайы әлеуметтік төлем алу құқығына ие бола алады .
«2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер 55 жасқа толған және кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеген кезде, олардың жұмыстағы еңбек қызметін тоқтатқан жағдайда, еңбек жағдайлары қауіпті немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысқан кезде кәсіптік өтемақы жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген облыстық мәслихат депутатының құқығын пайдалана отырып, еңбек ұжымдарымен кездесулерде әрбір қызметкерді арнаулы әлеуметтік төлем алудың шарттары туралы хабардар етеміз.», – деп атап өтті өз сөзінде «Еңбек» депутаттық тобының мүшесі , Павлодар облысы кәсіподақтары аумақтық бірлестігінің төрағасы Динара Айтжанова.
Кәсіподақтардың бастамасымен құрылған «Еңбек» депутаттық тобы өңірдегі барлық өнеркәсіп орындарында заңнамалық жаңалықтарды түсіндіре отырып, осындай кездесулер өткізуді көздеп отыр.