2018 жылғы 26 шілде күні Батыс Қазақстан облысына ҚР Үкімет басшысы Б.Сағынтаев бастаған делегация құрамында ҚРКФ Төрағасының бірінші орынбасары Б.Нұрымбетов іс-сапармен келді.
Бағдарламаға сәйкес Батыс Қазақстан облысының өнеркәсіп өндірістерін, жол және тұрғын-үй құрылысы, халыққа қызмет көрсету саласындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, облыс активінің жиналысына қатысты.
Сонымен қатар, Б.Нұрымбетовтың Батыс Қазақстан облысының әкімі А.Көлгіновпен жеке кездесуі өтті. Кездесу барысында қоғамдағы кәсіподақтардың беделін көтеру, әлеуметтік әріптестікті жетілдіру, сондай ақ басқа да әлеуметтік мәселелер жөнінде сыйластық жағдайда ашық әңгіме өрбіді.