Зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлерге арнайы әлеуметтік төлемдер

Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметіне сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар 55 жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде 84 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) төленген кезде:

– еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда жұмыс істейтін адамдардың арнайы әлеуметтік төлемге құқығы бар. Ол төмендегі төлемдерді қамтиды:

– арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы;

– зейнетке шығу алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі;

– жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем;

-БЖЗҚ-дан МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемі.

Арнаулы әлеуметтік төлемдерге құқық қызметкер зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда туындайды;

– зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда жұмыс істемейтін (жұмыстан босаған) адамдардың мыналарға құқығы бар:

– арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы;

– БЖЗҚ-дан МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемі.