“Қызмет”салалық кәсіподақтың Қостанай облыстық филиалының төрағасы Асет Досекенов “Қызмет” мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы ” Атқару комитетінің онлайн отырысына қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған “Қызмет” салалық кәсіподағының жұмыс жоспары туралы, салалық кәсіподақтың “Келешек” жастар кеңесінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары туралы, сондай-ақ 2023 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша Орталық Кеңестің кеңейтілген отырысын шақыру туралы, “Қызмет” салалық кәсіподағының жаңа марапаттары туралы және басқа да мәселелер қаралды салалық кәсіподақ қызметі мәселелері талқыланды.
“Қызмет” салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов отырыстың жұмысын ашып, қатысушыларға күн тәртібін жеткізіп, талқылауға шығарылған маңызды мәселелер мен міндеттерді атап өтті.
Онлайн отырысқа қатысушылар 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған “Қызмет” салалық кәсіподағының жұмыс жоспарымен танысып, Орталық Кеңестің кеңейтілген отырысын шақыру туралы сұрақтарды талқыға салды.
Атқару комитеті отырысының соңында салалық кәсіподақ төрағасы Мирболат Жақыпов қатысушыларға күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, айтылған барлық іс-шаралар мен мәселелер бақылауда болуы және белгіленген мерзімде толық көлемде орындалуы тиіс екенін еске салды.
Отырыс барысында Атқару комитетінің мүшелері ағымдағы жағдайын бағалау бойынша пікір алмасты, талқылау қорытындысы күн тәртібінің барлық тармақтары бойынша қабылданған тиісті шешімдер болды.