Кәсіподақ мүшелеріне құқықтық оқыту жүргізілді

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «INTERTRANS C. A.»ЖШС келісім комиссиясының мүшелеріне  арналған оқыту семинарын өткізді.

Құқықтық сауаттылық – кәсіподақ үшін маңызды міндеттердің бірі. Осы орайда кәсіподақ мүшелеріне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  ҚР Заңы жайында түсіндірулер жүргізілді.

Семинар спикері Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Татуласу орталығының» басшысы Марина Иванова еңбек даулары мен жанжалдарды шешу тәртібін жеңілдету туралы ақпарат берді, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің қабылдануына байланысты еңбек заңнамасының қолдану ерекшеліктерін және еңбек дауларын медиация тәртібімен шешу жолдарын түсіндірді.

Семинар соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар қайтарылды. Сондақ-ақ семинар ұйымдастырудың жаңа форматы бойынша барлық қатысушылар 100% нәтижесімен 30 сұраққа жауап бере отырып, google forms көмегімен тестілеуден өтті.

Оқыту семинарының барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.