Өнерлі өрге жүзер

«Сенім» салалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы Алматылық филиалының Жедел медициналық жәрдем станциясының бастауыш кәсіподақ ұйымының мәліметі бойынша, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбілдаева Айгерім бастаған және кәсіподақ мүшелері Тлеужанов Бақашар, Омарбек Нурғиса, Омаров Ерлан, Тұрлықожа Данагүл, Сармалаев Айдын мекеме ұжымы КТК Алматы “Кел шырқайық” жобасына қатысып 1-ші жүлделі орынға ие болды.


Кәсіподақ жетекшісінің айтуынша «Бұл жобада үш команда жарысқа түсті. Әр команда өз өнерлерін көрсетті. Жедел медициналық жәрдем станциясы мекемесінің қатысушылары алғашқы көмек көрсетуді осы жобаның әділ қазылар мүшелеріне көрсетуде ұсынып, одан кейін өздері кәсіби түрде алғашқы көмек көрсетуді көрсетті. Одан кейін өздерінің сый –сиапаттарын КТК жобасының ұйымдастырушылары мен әділ қазылар мүшелеріне сыйлады, қатысушылар күнделікті жедел жәрдем көрсетуденде басқа өнерлерінің барын көрсеттіп жанды дауыста ән шырқап әділ-қазылар мүшелерін таң қалдырды.

Жобаның қорытындысы бойынша Жедел медициналық жәрдем станциясы мекемесінің қатысушылары 1-ші жүлделі орынға ие бола отырып заттай сыйлықтармен марапатталды».