Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығының Үйлестіру кеңесі отырысы күн тәртібіне сәйкес 31 қаңтар күні Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесі отырысында талқыланған мәселелер бойынша сұрақтар қаралды.
Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев ҚР Кәсіподақтар Федерацияның Бас Кеңесі құрамына «YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Бәйімбетов Марат Серікбайұлының қабылдануымен құттықтады.
Бірлестік төрағасы Бас Кеңес отырысында қаралған мәселерді таныстырып, жыл қорытындысындағы ауқымды шаралардың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, Кәсіподақтар федерациясымен айқындалған «2024 жыл -Лайықты еңбек жылы»бойынша алдағы жұмыс бағыттары мен міндеттемелер тізбектелді.
Үйлестіру Кеңесі мүшелері еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік ахуал, еңбек қауіпсіздігі мәселелелері, әлеуметтік әріптестермен ынтымақтастық мәселелері туралы ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстар білдірді.