2024 жылғы 16 ақпанда «Астанабасжоспар» ҒЗЖИ» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымында Құрылыс кешені мен ТКШ қызметкерлерінің салалық кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен есептік-сайлау конференциясы өтті.
Өз сөзінде «Астана» қалалық филиалының төрайымы Тілеулес Мадьярова салалық кәсіподақтың есепті кезеңдегі қызметі туралы, ҚР Кәсіподақтар федерациясының халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясындағы, норма шығару қызметіндегі іс-шаралары туралы ақпарат берді.
«Астанабасжоспар» ҒЗЖИ» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрайымы Жанара Баилева кәсіподақ комитетінің 2023 жылғы жұмысы туралы есеп беріп, конференцияға қатысушыларды тексеру комиссиясының актісімен таныстырды.
Конференция делегаттары кәсіподақ комитетінің жұмысын қанағаттанарлық деп таныды.
Конференция делегаттары кәсіподақ комитеті мен тексеру комиссиясының жаңа құрамын, келісу комиссиясының мүшелерін сайлады және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті. Сонымен қатар, жұмыс берушімен жаңа ұжымдық шарт жасасу туралы келіссөздерді бастау туралы шешім қабылданды.
Конференцияда кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Жанар Баилева бірауыздан жаңа мерзімге сайланды.
Астана қаласының Кәсіподақ орталығы мен салалық кәсіподақ «Астанабасжоспар» ҒЗЖИ» ЖШС кәсіподақ комитетін құттықтайды және кәсіподақ қызметінде табыс тілейді!