Қостанайда Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын іске асыру шаралары талқыланды

Бүгін, 20 ақпанда Қостанай облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Ирина Аронова “QAZAQMETAL KASIPODAGY” Қазақстандық салалық тау-кен металлургиялық кәсіптік одағы “Қостанай облыстық қоғамдық бірлестігінің филиалы ұйымдастырған “Қазақстан Республикасында қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын іске асыру негізінде еңбек жағдайларын жақсарту туралы” дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты.

Ирина Аронова өз сөзінде еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне тоқталып, Лайықты еңбек жылының міндеттеріне назар аударды.

“ҚРКФ қызметінің маңызды бағыты еңбекшілердің қауіпсіз еңбекке құқықтарын сенімді қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақтайтын Қостанай облысының 12 кәсіпорнына сенім сертификаттары берілді. “Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы” республикалық конкурсында біздің жерлестеріміз үздік техникалық инспекторлар атағына ие болды. Биылғы 2024 жыл ҚР Кәсіподақтар федерациясы Лайықты еңбек жылы деп жарияланды”, – деді Ирина Аронова.

Қостанай облысындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы 2023 жылы “Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы” ММ бас мемлекеттік еңбек инспекторылан Темірханұлы баяндады.

 

“Еңбекті қорғау тұжырымдамасының негізгі бағыттарын, атап айтқанда”Нөлдік жарақаттану – Vision Zero” бағыттарын ілгерілету бойынша жұмыс жалғасуда. Облыстың 58 кәсіпорны осы тұжырымдаманы қолдады, 29 кәсіпорын құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша “Тік бақылауды” енгізді”, – деп атап өтті мемлекеттік инспектор.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми – зерттеу институты “ШЖҚ РМК Қостанай облыстық филиалының директоры Гүлнара Исамадиева еңбекті қорғау конпоненттерінің Бірыңғай жүйесі және тәуекелге бағдарланған модельге көшу туралы айтып берді.

Іс-шараға қатысушылар саладағы еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау, жұмыс орындарындағы кәсіптік тәуекелдерді бағалау бойынша жағдайды талқылады. Бұл тақырып қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Сындарлы пікірталас өтті, онда тараптар өз пікірлерін және өндірістегі жағдайдың практикалық тәжірибесін білдірді.

Қорытындылай келе, “QAZAQMETAL KASIPODAGY “Қазақстандық салалық тау-кен металлургиялық кәсіптік одағы” ҚБ ҚҚҚ төрағасы Михаил Литошенко дөңгелек үстел жұмысына қатысқан барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету кәсіподақ ұйымдары қызметіндегі басты басымдық екенін атап өтті.