Елордада уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссиясының отырысы өтті.
Отырыс барысында құрылыс саласына тартылған жұмысшылардың (мұнаралы кран машинистері) көтерген сұрақтары, атап айтқанда, жұмыс уақыты режимін сақтау, еңбек шартын жасасу, үстеме еңбекақы төлеу және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері қаралды.
Кеңес соңында мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдарға жоғарыда аталған мәселелерді шешу бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың 15 ақпанында «Жанұя» орталығында мұнаралы краншылар еңбек жағдайын жақсарту бойынша талап-ұсыныстарын жеткізген болатын.
Өз кезегінде мүдделі органдар өкілдері еңбек қатынастарын реттеу жөнінде түсіндірме беріп, елорданың құрылыс алаңдарында проблемалық мәселелерді шешуге бірлескен жұмыс жоспарын құруға шешім қабылдаған еді.