Кәсіподақ мүшелері арасында волейбол турнирі өтті

З. Алдамжар Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің студенттер мәдениет үйінің спорт залында теміржолшы, Қостанай филиалының бұрынғы кәсіподақ төрағасы Талғатбек Спановты еске алуға арналған жыл сайынғы турнирге теміржолшылар мен волейбол әуесқойлары жиналды.

Ашылу салтанатында Қостанай жүк тасымалы департаменті директорының автоматтандырылған басқару жүйесі бойынша орынбасары Серік Шүйінов пен «Қазақстандық темір жол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіподақ одағының» төрағасы Ғафу Несіпбаев сөз сөйледі.

«Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту – салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Осындай турнирлер нәтижесінде кәсіподақ мүшелерінің тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдауына үлкен мүмкіндік береді. Бүгінгі жарыста бағы мен бабы келіскен спортшылардың жеңіске жетуіне тілектеспін» деп Ғафу Несіпбаев қызметтегі жетістіктерге тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Турнирге облыстағы темір жол көлігі кәсіпорындарынан 8 команда қатысты, оның ішінде Талғатбек Спановтың үлкен ұлы Әсет жұмыс істейтін Қостанай облысының прокуратурасынан шақырылған команда да бар.

Талғатбек Қазымбекұлының ортаншы ұлы Абзал магистральдық желі Қостанай филиалының бас инженері болып жұмыс істейтін команданың құрамында ойнады.

Волейбол алаңында қатты күрес басталды. Ойындардың қорытындысы бойынша турнир кестесі келесідей орналастырылды:
IV орын Қостанай электрмен жабдықтау дистанциясы командасында,
III орынды Тобыл станциясының құрама командасы иеленді,
Өткен жылдардың үш дүркін чемпионы – Қостанай сигнал беру және байланыс дистанциясы II орынға ие болды.
Турнир кубогы осы турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Қостанай облысы прокуратурасының командасына тиесілі болды.