Кәсіподақ салауатты өмір салтын насихаттауда

Биылғы жылы Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Ақжайық аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалының ұйымдастыруымен кәсіподақ мүшелері арасында волейбол және үстел теннисі ойындарынан аудандық спартакиада өткізілді.

Тарих көші үнемі жаңаланып отырады. Ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болды. Соның бірі- әлемді дүр сілкіндірген Ауған соғысы. Екінші жаһан соғысына пара-пар зардабы мен залалын шашқан Ауған соғысының тарих қоржынының бір басында жатқанына да 35 жыл толып отыр.


Спартакиаданың мақсаты кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, кәсіподақ қозғалысын дамыту болды. Спартакиаданың ашылу салтанатына аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдин қатысып, ауданның білім саласында қызмет жасап жүрген ауған соғысының ардагерлерін құттықтап, спартакиадаға қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар,аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалының төрағасы Максим Үмбеталиев ауған соғысының ардагерлерін марапаттап, естелік сыйлықтар табыстады.

Барлық жүлделі орын иеленген командалардыаудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Максим Үмбеталиев дипломдармен марапаттап бағалы сыйлықтар табыс етті.