Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.
Аумақтық кәсіподақ орталығының төрағасы Ирина Аронова отырысты ашып, қатысып отырған әйелдерді келе жатқан 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтап, комиссия мүшелігінің маңыздылығын және өңірде жұмыс істейтін әйелдерді әлеуметтік-экономикалық қорғау мәселелерін атап өтті.
“Қазіргі уақытта салалық келісімдер мен ұжымдық шарттарға жұмысшы әйелдер үшін жұмыс орындарының қауіпсіздігіне, қосымша нормалар мен кепілдіктер беруге қатысты арнайы бөлімдер енгізілген. Мысалы, мұндай қосымша кепілдіктер “ССТБӨБ” АҚ, “Качар руда” АҚ, “Алюминий Казахстана” АҚ КБКБ және басқа да көптеген салалық және жергілікті кәсіподақ кәсіпорындарының ұжымдық шарттарында бар.
Комиссия мүшелерінің назары “зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік” тұжырымдамасына және ҚР Кәсіподақтар федерациясының гендерлік саясатына, сондай-ақ қойылған міндеттерді іске асыру әдістеріне аударылды.
Гендерлік саясат саласында алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін Федерация “Зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік” тұжырымдамасын қабылдады.
«Зорлық-зомбылық пен қудалау лайықты еңбек ұғымымен үйлеспейді» деген қағида бойынша елдегі әйелдердің мүддесін қорғайтын халықаралық ұйымдармен белсенді жұмыс істейтін Жұмысшы әйелдер ісі жөніндегі республикалық комиссия құрылды. Осы мәселелердің барлығымен комиссия айналысатын болады.
Отырыста комиссия төрағасы мен хатшысы сайланды. Бірауыздан қабылданған шешіммен жұмысшы әйелдер ісі жөніндегі комиссияның төрағасы болып «Қостанай облысы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің өнеркәсіп кәсіподағы» ҚБ ҚҚФ төрағасы Жұмабекова Зәуре Ертайқызы сайланды.
Хатшы болып Кәсіподақ орталығының PR жөніндегі бас маманы Мұстафина Сәуле Меңдбекқызы тағайындалды.
Зәуре Жұмабекованың төрағалығымен аумақтық комиссияның жұмыс жоспарының жобасы талқыланды. Комиссия мүшелері өз ұсыныстарын енгізді, содан кейін жоспар мақұлданды.
Соңында Ирина Аронова комиссия мүшелеріне бірлескен және мазмұнды жұмысы үшін алғысын білдірді.