Бастауыш ұйымдар жаңалықтары – мұғалімдер спартакиадасы ұжымды біріктірді

«Бастауыш жаңалықтар» айдары аясында Алматы қаласы Түрксіб ауданы No44 мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айнұр Қойшыбекова бірлестіктер арасында еңбек ұжымы мүшелерін салауатты өмір салтын және белсенді демалысты енгізу мақсатында ұйымдастырылған «Ең шымыр кафедра» атты ашық спартакиада қалай өткендігімен бөлісті.

«Жарысқа тоғыз құмалақ, дойбы, ату, лассо тарту, шахмат, үстел теннисі, тымақ ұру, боулинг сынды спорт түрлерінен 80 мұғалім қатысты. Турнирде үздік алты әдістемелік бірлестіктің арасынан үздік команданы анықтау оңай болған жоқ. Әр командада 12 мұғалім болды – ең шымыр және жеңіске деген жігері бар. Жарыстың ашылу салтанатында байқауды ұйымдастырушылар, әлеуметтік серіктестер – № 44 мектеп-гимназиясының директоры Салтанат Мұсағұлова мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айнұр Қойшыбекова қатысушыларға жарқын да адал жеңістер тіледі.

Спорттық ынта мен өз командасының жеңіске деген ұмтылысы әрбір қатысушыны баурап алды, мұғалімдер өздерінің спорттық, ақыл-ой қабілеттері мен шеберліктерін көрсете білді, жылдамдықта, ептілікте, командада жұмыс істей білуде бәсекеге түсті.

Сайыстың барлық кезеңдері тартысты бәсекеде өтті. Жанкүйерлер мен көрермендер оқиғаның барысын бақылап, өз командалары үшін қатты алаңдады.

Қатысушылардың өздері айтқандай, олар күш-қуат пен жақсы көңіл-күй алып, өздерін үлкен спорттық отбасы ретінде сезіне алды!

“Мереке қызықты әрі көңілді өтті, көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер қалдырды. Спорт алаңында күлкі, шу мен көңілділік орнады. Өткізілген спорттық мереке біздің ұжымды біріктірді, ешкімді бей-жай қалдырмады. Жарыс спорттың, денсаулық пен жастықтың нағыз мерекесіне айналды”, – дейді мұғалімдер.

Қатысушылардың айтуынша, мерекенің ең жарқын сәттері – музыкалық қыздыру және әдеттен тыс эстафеталар. Мереке соңында командалар No44 мектептің кәсіподақ ұйымының грамоталарымен және ақшалай сертификаттарымен марапатталу үшін жеңіс тұғырына көтерілді.

Әріптестерінің қызарған, күлімсіреген жүздеріне қарап, “Ең шымыр кафедраның” қатысушылары: мұндай кездесулер дәстүрге айналуы керек деген қорытындыға келді. Нәтижесінде, әрине, достық жеңді!