Абай облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Зәуреш Исабаева Семей қаласындағы «Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» КММ ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында ол диспансер қызметкерлерін кәсіподақ қызметінің негіздерімен және басымдықтарымен таныстырып, кәсіподақ жұмысының міндеттеріне тоқталды.
Зауреш Исабаева кәсіподақтардың ұжымдағы әлеуметтік-әріптестік қатынастарды дамытудағы және жұмыс берушімен бірлесіп әлеуметтік кепілдіктерді іске асырудағы рөлін атап өтті.
Кәсіподақ жетекшісі облыстың жаңадан құрылған аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жұмысына егжей-тегжейлі тоқталып, қызметкерлерге облыстық кәсіподақ орталығының миссиясы, мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді. Жұмыс беруші мен қызметкерлердің әлеуметтік, еңбек құқықтары мен міндеттерінің кепілі болып табылатын ұжымдық шарт жасасуға ерекше назар аударылды.
Ұжым қызметкерлерінің барлық толғандыратын сұрақтарына толық жауаптар берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша 40 адамнан тұратын еңбек ұжымы бастауыш кәсіподақ ұйымын құру және мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподақ құрамына мүше ұйым ретінде кіру туралы шешім қабылдады.