Кәсіподақ қолдауымен жұмысшылардың жалақысы өсті

Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының тікелей бастамасымен келіссөздер нәтижесінде «Ұлы қабырға» Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясы» серіктестігі жұмысшыларының жалақысы өсті.

«Ұлы қабырға» компаниясында жергілікті кәсіподақ төрағасы Б. Умаров пен Серіктестің бас жетекшісі Люй Тяньхао арасында жүргізілген өзара келіссөздер арқылы ұжымдық шартқа сәйкес қызметкерлердің жалақысы 10 пайызға өсті. Бүгінгі таңда ,компания жұмыс көлемінің азаюына байланысты қаржылық қиындықтар көрсе де,жұмысшыардың жалақысын өсіруге мүмкіндік қарастырды.


Кездесуде Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасы Алтынбек Әмірғалиев жұмысшылар мүддесін қорғауда кәсіподақ ұйымы тарапынан жүйелі жұмыстар жасалып жатқанын айтып, « Біз еңбек адамының мүддесін қорғайтын заңдылықтардың сақталуын қадағалаудамыз», — деді ол.