Қызылорда облыстық мәслихатында еңбек қатынастары мәселелері бойынша 2022 жылы “Еңбек” депутаттық тобы құрылған болатын. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаев төрағалығымен депутаттық топ отырысы өтіп, отырыста облыс көлеміндегі ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі жағдайы талқыланды.
Депутаттық топ Қызылорда қаласындағы бірқатар мекемелерге – «Қызылорда су жүйесі» МКК-ге, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ға барып, ондағы еңбек жағдайының барысымен танысты.
Қазіргі уақытта еңбек саласындағы көп заң бұзушылықтар қарапайым еңбек шарттарының болмауынан орын алуда.
Сондықтан, жұмыс тобы өз тарапынан мекемелердегі жұмысшылардың еңбек шарттары міндетті түрде болуын қадағалауға алуды сұрап, кәсіпорындардағы ұжымдық еңбек даулары мен өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша ұдайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыруды, сонымен қатар еңбек саласындағы заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында дер кезінде тиісті шараларды қабылдау туралы ұсыныстарын жеткізді.