Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының 100 жылдығына орай Орал қалалық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің кәсіподақ мүшелері арасында бестемше және шахматтан қалалық турнир ұйымдастырылды. Сайыс қалалық №8 «Арай» бөбекжайында өткізілді.
Турнирдің басты мақсаты – жаңа ойын түрін және салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестік пен достық қарым-қатынасты нығайту, кәсіподақтың жас мүшелерімен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен патриоттық сезім қалыптастыру.
Шараның ашылу сәтіндем БҚО Орал қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Төлеген Темешев және қалалық №8 «Арай» бөбекжайының меңгерушісі Майнер Тулешева жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнирге жарыстың екі түрінен 70-ке тарта ойыншы қатысты. Жарыстар жекелей есепте ойынның блиц түрі бойынша швейцарлық жүйемен 7 тур өткізілді.
Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған қатысушылар БҚО Орал қалалық кәсіподақ комитетінің арнайы дипломдарымен, Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.