Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері үшін оқыту семинары өтті

Түркістан қаласында Түркістан облысының Жедел медициналық жәрдем станциясының аумағында “DENSAULYQ” жергілікті кәсіподағының құрамына кіретін қызметкерлер үшін медициналық құқық негіздері бойынша “QazMed” медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы және  “DENSAULYQ”денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағымен бірлесіп, оқыту семинары өткізілді.


Дәріскер ретінде Марат Оспанов атындағы БҚМУ жанындағы Медициналық құқық мәселелерін зерделеу институтының басшысы Талғат Жұмағазин шақырылды.
Семинарға Түркістан қаласының басшылары, қызметкерлері, заңгерлері, кадр бөлімдерінің қызметкерлері, кәсіби ұйымдастырушылары қатысты.

Іс-шараны “DENSAULYQ” жергілікті кәсіподақ төрағасы Сакен Катбаев ашты. Ол өз сөзінде қатысушылармен сәлемдесіп, семинар тақырыбының өзектілігін атап өтіп,  іс-шараны Түркістан облысының барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында өткен «Үздік мейіргер» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінен бастауды ұсынды.


Салтанатты шараны «QazMed» өкілдері жүргізді. 3 сағаттық сабақ презентация, кейстер, заңнамалық актілерге сілтемелер, сұрақ-жауаптар, құқықтық жағдайлар қарастырылды.


Естеріңізге сала кетейік, оқыту семинары үш күнге есептелген. Келесі іс-шара Сарыағаш қаласында өтеді.