Бүгін Кәсіподақтар федерациясында ҚРКФ бірінші орынбасары Біржан Нұрымбетовтың төрағалығымен Кәсіподақтар федерациясының басшылық құрамы АҚШ Сауда өкілінің Оңтүстік және Орталық Азия елдері бойынша көмекшісі Марк Линскот бастаған американдық делегациямен кездесті.
Біржан Нұрымбетов американдық қонақтарды ҚРКФ кәсіподақ жүйесімен таныстырды және Федерацияның осы кезеңдегі қызметінің негізгі бағыттары туралы айтты.
Кездесуде Бас преференциялар жүйесі (Generalized System of Preferences (GSP) аясында әрі қарай әріптестік мәселелері мен Халықаралық еңбек ұйымының ұсыныстарын жүзеге асыру бойынша Жол картасында көрсетілген мәселелер талқыланды.
Дамушы елдердің пайдасына GSP – бұл дамушы елдермен АҚШ-қа әкелінетін тауарларға жеңілдетілген кедендік тарифтер жүйесі. Жеңілдіктер (кедендік тарифтің жеңілдетілген мөлшерлемесі) ішкі заңнамамен дамушы елдерден әкелінетін тауарларға жеңілдетілген кедендік баж салығын салу арқылы беріледі. Бұл ретте дамушы елдердің тарапынан қандай да бір өзара жеңілдіктер қажет етілмейді.
Тараптар кәсіподақтар туралы заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылады. ҚРКФ ұлттық заңнаманы ХЕҰ №87 «Қауымдастықтардың бостандығы және ұйымдастыру құқығын қорғау туралы» Конвенциясына сай келтіру үшін қажетті түзетулердің көрсетілімін ұсынды.
Американдық тараптың өкілдері толыққанды ұсынылған ақпаратқа және өткізілген диалогтың ашықтығына ризашылықтарын білдірді.