Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау – кәсіподақтың игі дәстүрі

«Астана су арнасы» кәсіпорнында мұсылмандардың басты қасиетті «Ораза айт» және «Құрбан айт» мерекелері аясында кәсіпорын әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің бірлескен қайырымдылық игі шарасын өткізу дәстүрі қалыптасқан.

«Құрбан айт» мерекесіне орай кәсіпорынның елу тоғыз көпбалалы және аз қамтылған жұмыскерлердің отбасыларын қолдау мақсатында материалдық көмек ретінде бір реттік ақшалай төлем алды.

«Астана су арнасы» кәсіпорны бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Күмісжан Бектасова: «Біздің ұжымдық шартта бірқатар әлеуметтік бағдарламалар қарастырылған және өз талаптары бойынша республиканың коммуналдық қызмет саласы ішіндегі ең үздіктердің бірі болып саналады. Кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғап, ұжымның еңбек, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешуді жалғастырады»,-деп атап өтті.

Бұл игі шара «Астана су арнасы» кәсіпорны басшылығы және оның кәсіподақ ұйымының әлеуметтік жауапкершілігін, маңызды мерекелер қарсаңында қызметкерлер мен олардың отбасыларының әл-ауқатына қамқорлықты көрсетеді.