23-маусым мемлекеттік қызметшілер күні кәсіби мерекесіне орай Орал қаласы «Мемлекеттік қызметтегі ұрпақтар сабақтастығы» атты мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті.
Кездесуге облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Мұрат Байсалов, ақын, білім саласының ардагері, Үзілдік Елубайқызы, Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының төрағасы Айгүл Есекенова, БҚО цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрсұлтан Нұрлан, Орал қалалық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Дулат Жүсіпқалиев қатысты.
БҚО «Кәсіподақтар орталығының» төрағасы Есекенова Айгүл Оразқызы өз сөзінде мемлекеттік қызметшілерге халыққа адалынан қызмет етудің маңыздылығын және патриоттық, рухани адамгершілік құндылық басты назарда болу қажеттілігін атап өтіп, қызмет ету барысындағы тәжірибесімен бөлісті. Облыстық кәсіподақ тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды әңгімеледі.
Жиын барысында қоғамның үздіксіз дамуының шарты болып табылатын, ең маңызды және өмірлік қажетті құндылықтарды, аға буыннан жинақталған көп жылдық тәжірибені мемлекеттік қызметшілердің жас буынына беруге көмектесетін осындай кездесулердің маңыздылығы атап өтілді. Мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбы да назардан тыс қалмады. Кездесудің соңы қазақша “Quiz” интеллектуалдық ойынымен жалғасты.
Аталмыш кездесулер жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттырып, сала бойынша бейресми форматта көбірек мәлімет алуына ықпалын тигізеді. Осы бағыттағы басқосулар әлі де жалғасын таппақ.