«Жаңақорған» шипажайы ұжымы – бірлігі мен жұмысы жүйелігімен ерекшеленген ұжым. Жыл сайынғы дәстүрмен медицина күніне орай өткен салтанатты жиында ұжым өздерінің мәдени өнерлерін жан-жақты көрсетіп, әріптестеріне керемет көңіл-күй сыйлады. Ұжымдастар ән айтып, би биледі, сахналық тақырыптық қойылымдар қойды.
Салтанатты шараны шипажайдың директоры Бақытжан Абудллаев ашып, мерекелік ілтипат білдірді.
«Шипажайдағы медицина қызметкерлері – ұжымымыздың мақтаныштары. Еңбектерің ерен, адал қызметтеріңіз үшін Сіздерге алғыс білдіреміз. Ұжымымыздың бірлігі мықты болып, елге жасап жатқан қызметіміз жемісті бола берсін»,- деп ұжымды құттықтады шипажай басшысы.
Салтанатты жиында бірқатар кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақ қозғалысына белсенді қатысқаны және кәсіби жемісті еңбегі үшін ризашылықпен Yntymaq» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалының марапаттары табысталды.