Аудандарда медицина қызметкерлерімен кездесулер өтуде

20 маусым күні «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚОФ төрағасы Махамбет Кусаинов Бөрлі аудандық ауруханасы қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында 2024 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, «SENIM» кәсіподағының басым бағыттары және 2024 жылдың II жартыжылдығына арналған жоспарлар туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, «SENIM» БҚОФ қызметіне қатысты кәсіподақ мүшелерінен келіп түскен сұрақтарға толық жауап берді.

Жиын соңында Махамбет Кәкімұлы жыл басынан бері еңбегімен еленген кәсіподақ белсенділеріне алғыс білдіріп , алғыс хаттарды табыстады.

2024 жылды ҚР КФ Бас кеңесінің шешімі бойынша Лайықты еңбек жылы аясында өткізу қабылданды. Ол жолда лайықты жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту, еңбек жағдайлары мен әлеуметтік қорғауды жақсарту сияқты негізгі бағыттарға баса назар аударылуда.

Сол себептен, өңірдің әр түкпіріндегі кездесулер кәсіподақ мүшелерінің қажеттіліктерін тыңдап, олардың еңбек және әлеуметтік құқықтарының сақталуына септігін тигізеді. Аталмыш бағыттағы шаралар үздіксіз өткізілуде және басқа аудандарда да жалғасын таппақ.