Үздік мемлекеттік қызметшілер марапатталды

«Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы 23 маусым – ҚР Мемлекеттік қызметшілер күніне орай мерекелік шара өткізді.


Шараға аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, кәсіподақ мүшелері, кәсіподақ белсенділері қатысты.

Шараны «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Сүлеймен Серік Кенжебекұлы ашып, облыстық кәсіподақ ұйымының атқарылған жұмыстарын баяндай отырып, мерекемен құттықтады.

 

 

Шара барысында кәсіподақ төрағасы С.Сүлеймен кәсіподақ қозғалысының дамуы мен нығайтуына қомақты үлес қосқаны үшін аудандық кәсіподақ ұйымының төрағалары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымдарына және кәсіподақ белсенділеріне «Қызмет» Мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Орталық Кеңесінің «Кәсіподақ қайраткері» медалін және «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төс белгісін, Құрмет грамоталарын, Алғыс хаттарын, Батыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатын, облыстық кәсіподақ ұйымының «Белсенді қызметі үшін» медалін, Құрмет грамоталарын табыстады.