Кәсіподақтық оқыту –  көшбасшыларды ынталандыру

Астанада «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Батыс Қазақстан облысы филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына оқыту семинары өтті.

Семинар алған білімдерін ұжымдық шарттарды жасауда, келісім комиссияларын құруда және кәсіподақтың басқа да іс-шараларында қолданғысы келетін бастауыш ұйымдардың жетекшілеріне қосымша ынталандыру үшін ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Кәсіподақ көшбасшысы мектебінің жетекшісі және үйлестірушісі Ләззат Есжанова еңбек дауларының туындау және шешу тәртібі, келісу комиссияларының маңызы мен функциялары, еңбек заңнамасындағы өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

ҚРКФ Әлеуметтік-экономикалық комитеті жетекшісінің орынбасары Айжан Ибраева ұжымдық шарттар, әлеуметтік әріптестік институтының рөлі мен маңызы бойынша түсіндірме берді.

Салалық кәсіподақтың заңгері Малина Башарова Салалық кәсіподақ пен Кәсіподақтар федерациясының соңғы жылдары атқарған жұмыстары жөнінде баяндап, мынадай бөліктегі жетістіктерді:

– спорт мектептерінің, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының жаттықтырушыларына 2020 жылға арналған жалақыға 25% үстемеақы төлеу;

– мәдениет және спорт қызметкерлерінің, оның ішінде спорт ұйымдарындағы медицина қызметкерлерінің жалақысын 2020 жылдан 2023 жылға дейін 20-25% мөлшерінде арттыру;

– ең төменгі жалақыны 42 500 мыңнан 85 мың теңгеге дейін ұлғайту;

– балет әртістерінің зейнеткерлік жасын төмендету;

– 24 қазанда кітапханашылар күні кәсіби мерекесін белгілеу және тағы басқа қол жеткізілген нәтижелер туралы атап өтті.

Семинардың барлық қатысушылары тақырыптарды мазмұнды баяндағаны, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар бергені үшін дәріскерлерге алғыстарын білдірді. Батыс Қазақстан облысы филиалының төрағасы Айдар Батырханов бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының алдағы қызметінде үлкен тиімділік пен қажетті серпін беретін оффлайн форматындағы семинарлардың оң әсерін атап өтті.

Семинар соңында барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталып, өздерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелерін оқыту үшін қажетті материалдармен қамтамасыз етілді.