Ырғыз ауданында кітапханашы су тасқынынан кітапхана қорын аман сақтап қалған

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы,Тәуіп ауылдық округіне қарасты Тәуіп ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Дана Ермағанбетова су тасқыны орын алған кезде үлкен жауапкершілік танытты.


Ауылға су келген сын сағатта ең алдымен дереу кітаптарды қауіпсіз жерге көшіруді ойлаған.
3 күн, 3 түн бойы дамылсыз жалғыз өзі 8 мың дана кітапты селолық әкімшілік ғимаратының жоғарғы қабатына тасыған.
Көктемгі су тасқыны салдарынан су басқан ауылда өз қара басы күйттемей, жұмысына адалдық танытып, халық қазынасы кітап қорын осылайша табандылық танытып сақтап қалу екінің бірінің тәуекелі жете бермейтін іс. Дана кітап суға кетеді деп, жұртшылықты тікұшақпен эвакуациялау орталығына көшіріп жатқанда, кітаптарды болашақ ұрпақ үшін сақтап қалуды ойлап, өзі бірден іске кіріскен.


«Өткен күнде белгі бар. Қазір ойласам сол кезде басқа ойыма ештеңе келмеді. Көзіме су бетіне қалғып бара жатқан кітаптар елестеді. Қатты қорықтым», дейді.
Дана Жеткергенқызы- Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының бастауыш ұйымының мүшесі. Біраз жылдардан бері селолық округта кітапханашы болып жұмыс жасайтын ол осыған дейін де ауылдағы барлық мәдени көпшілік шараларға белсенді қатысып, игі істерге үлес қосып жүр.
Кітапхана-ұлттың рухани байлығы.Оны ескеріп, қысылтаяң шақта үлкен адамгершілік танытқан Дана Ермағанбетоваға ризашығымызды білдіреміз.