Тұрғын үй алу мәселесі әлі де өзекті

Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрайымы Светлана Иманқұлова Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жәнібек Мұсаевпен кездесті.

Кездесу барысында Жәнібек Мұсаев Светлана Кеңесқызына мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көтеру, орындаушылық шеберлігі үшін қосымша ақы төлеу, үрмелі музыканттар мен хореографтардың зейнеткерлік жасын төмендету бойынша жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан жауап пен қолдау тапқан кәсіподақ ұйымының бұл әрекеттерінің барлығы қазіргі таңда ҚР Үкіметі мен Парламенті Мәжілісі деңгейінде қаралуда.

Жақында Мәдениет және ақпарат министрлігімен қол қойылған 2024-2026 жылдарға арналған жаңа салалық әлеуметтік әріптестік туралы келісімде де сала қызметкерлеріне лайықты еңбек жағдайлары мен еңбекақы төлеумен қатар құқықтар мен мүдделерді қорғауға бағытталған көптеген кепілдіктер көрсетілген.

Мұның бәрі жалпы сала бойынша да, әрбір бастауыш кәсіподақ ұйымында кәсіподақ мүшелерінің артуына да әсер етеді, соның ішінде Қ.Қуанышбаев атындағы театрдың бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің саны көбеюіп келеді.

Дегенмен, әлі де шешілмеген түйткілді мәселелер бар, оның бірі баспана алу. Салыстырмалы түрде төмен жалақымен театр қызметкерлерінің ипотекалық несиелендіру бағдарламасына қатысу мүмкіндігі жоқ, жалдамалы баспана алу да көптеген қиындықтар туғызады.

Салалық кәсіподақ төрайымы Светлана Иманқұлова бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтіп, осы мәселені ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, сондай-ақ елорданың жергілікті атқарушы органдары деңгейінде одан әрі шешуге жәрдемдесуге уәде берді.