Шығыс Еуропа мен Орталық Азия кәсіподақтары лайықты еңбекті ілгерілету тәжірибесімен алмасуда

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының өкілдері – ҚРКФ төрағасының орынбасары Гульнара Жумагельдиева және ҚРКФ Әлеуметтік-экономикалық мәселелер және әлеуметтік әріптестік комитеті төрағасының орынбасары Айжан Ибраева Бакуриани қаласында (Грузия) өтіп жатқан «Лайықты еңбекті ілгерілету: лайықты еңбектің елдік бағдарламасының рөлі» семинарына қатысуда. Іс-шараны Халықаралық еңбек ұйымымен бірлесіп, Грузия кәсіподақтар бірлестігі ұйымдастыруда.

Іс-шараның мақсаты – Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің кәсіподақтарын лайықты еңбектің елдік бағдарламасын әзірлеуге, оны алдағы уақытта іске асыруға және бақылау бойынша оқыту.

Сарапшылардың пікірінше, лайықты еңбектің елдік бағдарламасы (ЛЕЕБ) ХЕҰ-ға мүше мемлекеттерге техникалық ынтымақтастықты қамтамасыз ету, атап айтқанда, елдегі құрамдастардың техникалық және институционалдық әлеуетін нығайту үшін негіз ретінде пайдаланатын құрылым болады.

Семинарға қатысушылар лайықты еңбек жөніндегі елдік бағдарламаларды ілгерілетудегі кәсіподақтардың маңызды рөлін анықтайтын бірнеше негізгі аспектілерді атап өтті.

Ең басты мәселе – еңбекшілердің мүдделерін білдіру болып қала бермек.

Сарапшылардың пікірінше, кәсіподақтар әділ жалақыны, қауіпсіз еңбек жағдайларын және лайықты еңбекті  жақтай отырып, қызметкерлер мүддесін қорғайды. Сол себепті кәсіподақтардың бағдарламаны әзірлеуге қатысуы оны әзірлеу және іске асыру кезінде қызметкерлердің қажеттіліктері мен мәселелерінің ескерілуін қамтамасыз етеді.

Жұмыс жағдайларын талқылау мақсатында жүргізілетін ұмыс берушілер және үкімет арасындағы ұжымдық келіссөздерге кәсіподақтардың қатысуы да маңызды. Ұжымдық келіссөздер арқылы кәсіподақтар лайықты еңбек стандарттарына ықпал ететін саясат пен тәжірибені жақтай отырып, ЛЕЕБ – ын жүзеге асыруға әсер ете алады.

Сонымен қатар, кәсіподақтар арқылы жеткізілетін жұмысшылар үнінің маңыздылығы атап өтілді. Кәсіподақ ұсынған платформа арқылы олар өз ойларын білдіруге және еңбек саясаты мен практикасына байланысты шешім қабылдау процестеріне қатысуға мүмкіндік алады.

Сарапшылар ЛЕЕБ-на белсенді қатыса отырып, қызметкерлердің дауыстары тыңдалып, саясат пен бағдарламаларды тұжырымдау және бағалау кезінде олардың көзқарастары ескерілетініне кәсіподақтар кепілдік береді деп санайды.

Кәсіподақтардың әлеуетті және біліктілікті арттыру жөніндегі қызметі де маңызды бағыт ретінде белгіленген.

Кәсіподақтар өз мүшелеріне біліктілігін, білімін және жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін жиі оқыту және әлеуетті арттыру бағдарламаларын ұсынады. ЛЕЕБ-на қатысу арқылы кәсіподақтар қызметкерлер үшін білім беруді, оқытуды және өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін жақсартуға бағытталған бастамаларға үлес қоса алады, осылайша лайықты еңбек пен экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге жәрдемдеседі. Сонымен қатар, кәсіподақтардың мониторингтік қызметінің маңыздылығы және әлеуметтік диалог пен трипартизмді дамытудағы ерекше рөлі атап өтілді. ЛЕЕБ үкімет, жұмыс берушілер және жұмысшылар өкілдері арасындағы әлеуметтік диалог пен үшжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап көрсетеді. Кәсіподақтар еңбек нарығының проблемаларын шешу, инклюзивті өсуге жәрдемдесу және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін конструктивті диалог пен келіссөздерге көмектесе отырып, осы процестердің негізгі мүдделі тарапы ретінде әрекет етеді.

Қатысушылардың пікірінше, кәсіподақтардың ЛЕЕБ – на қатысуы әлеуметтік әділеттілікке жәрдемдесу, инклюзивті даму және баршаға лайықты еңбекті іске асыру үшін маңызды. Басқа мүдделі тараптармен бірлесіп, кәсіподақтар қызметкерлердің құқықтары сақталатын және лайықты еңбек мүмкіндіктері барлығына қолжетімді болатын қолайлы ортаны құруға үлес қоса алады.

Кәсіподақтарға арналған ұсынымдар бөлігінде Лайықты еңбектің елдік бағдарламасы мен БҰҰ тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасы (UNSDCF) арасындағы байланыстың маңыздылығы, сондай-ақ кәсіподақтардың екі стратегиялық негізді ілгерілетуге белсенді қатысуы атап өтілді. Сонымен қатар, кәсіподақтарға БҰҰ тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасын дамытуға белсенді қатысуға кеңес берілді, өйткені екі құрылым да тұрақты даму мақсаттарына жету үшін үкімет, БҰҰ агенттіктері, азаматтық қоғам ұйымдары және жеке сектор сияқты әртүрлі мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастық пен серіктестік құрудың маңыздылығын атап көрсетеді.

ЛЕЕБ-ын ілгерілету қадамдарын талқылай отырып, семинарға қатысқан Шығыс Еуропа мен Орталық Азия кәсіподақтарының өкілдері бұл оқыту тренингі олардың елдерінде лайықты еңбекті, әлеуметтік әділеттілікті және инклюзивті дамуды тиімді ілгерілетуге көмектесетінін атап өтті.

Анықтама:

Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағындағы кейбір елдер ЛЕЕБ-ын бұған дейін жүзеге асырмаған (мысалы, Грузия), ал басқалары негізгі алғышарттарды (Қазақстан) орындау кезінде қиындықтарға тап болып, көптеген жылдардан кейін оны қайта қосуға ниетті. Елдердің тағы бір тобы жаңа ЛЕЕБ-ын әзірлеуге дайындалуда, себебі алдыңғыларының мерзімі біткен немесе жақын арада аяқталады.

ЛЕЕБ -дағы кәсіподақтардың рөлі: лайықты еңбекті ілгерілетудегі және еңбек саясаты мен практикасына әсер етудегі негізгі мүдделі тараптар ретінде кәсіподақтардың маңыздылығын атап өту, сондай-ақ кәсіподақтардың әлеуметтік диалогқа, ұжымдық келіссөздерге және құқық қорғау қызметіне қатысуын қоса алғанда, ЛЕЕБ-сын әзірлеуге, іске асыруға және мониторингке кәсіподақтардың нақты рөлдері мен үлестерін зерделеу.

Лайықты еңбекті ұлттық даму стратегияларына біріктіру: Тұрақты даму саласындағы мақсаттар және басқа да халықаралық шеңберлерге сәйкес ұлттық даму стратегияларына, саясаттары мен бағдарламаларына лайықты еңбек басымдықтарын біріктіруде қатысушыларға қолдау көрсету.

Гендерлік теңдік және кемсітпеу: әйелдердің, жастардың, мүгедектердің және басқа да осал топтардың ерекше қажеттіліктері мен басымдықтарын есепке алуды қамтамасыз ете отырып, гендерлік теңдік және кемсітпеу қағидаттарын ЛЕЕБ – на енгізу.

Өзара іс-әрекет әлеуетін арттыру: саясатты талдау, үгіт-насихат стратегиялары, келіссөздер жүргізу дағдылары және коалиция құру сияқты салалардағы кәсіподақ мүшелері мен көшбасшыларының әлеуетін арттыру, ЛЕЕБ  процестеріне тиімді қатысу үшін құралдар мен ресурстарды қамтамасыз ету, соның ішінде деректерді жинау және талдау, науқандар жүргізу. жоспарлау және коммуникациялық стратегиялар.

Желілерді құру және білім алмасу: кәсіподақ өкілдері арасында желілік мүмкіндіктерді құруға ықпал ету және ЛЕЕБ-нан жүзеге асырудан алынған тәжірибе мен сабақтармен алмасу арқылы білім алмасу мен өзара оқытуды ынталандыру.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы