“Қызмет” мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы , Жаңа Өзен қаласының әкімдігінің мәжіліс залында Жаңаөзен қаласындағы әкімдікке қарасты мемлекеттік мекемелер, бөлімдер, коммуналдық – қазынашылық кәсіпорындары басшыларымен кездесу өткізілді.
Кездесуді Жаңа Өзен қаласының әкімдігінің аппарат басшысы Данияр Жақсылық ашып, жүргізді. Кездесуге салалық кәсіподағы филиалының төрағасы Аллаберген Қонарбаев пен филиалының бас есепшісі Несип Тюлендиева, төраға орынбасары Эльмира Сарбалаева қатысты.
Жиын барысында филиал төрағасы Аллаберген Әзірбайжанұлы “Қызмет” мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының қызметі, кәсіподақтың тиімді тұстары сонымен қатар заңнамалық актілеріне кеңінен тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар Несіп Төлендиева да сөз алып, қаржылық бағыттағы тиімді тұстары, жарнасы жайында жан жақты мәліметтер айтып, таныстырды.
Жиын соңында әкімшілікке қарасты басшылары өз сауалдарын қойып тұщымды да тамаша жауаптарын алды. Осындай шаралар алдағы уақытта басқа да аудандарда өз жалғасын табатын болады.