“Жалпыға бірдей құқықтық оқыту” жобасы аясындағы семинар

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Жалпыға бірдей құқықтық окыту» атты кәсіподақ жобасын іске асыру мақсатында Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығында семинар өтті.

Жобаның мақсаты – қызметкерлерді еңбек заңнамасының нормалары мен ережелеріне оқыту және оларды кәсіподақ қозғалысына тарту болып табылады.
Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы жанындағы еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрайымы Мұхтарита Сағындықова мен Заң клиникасының жетекшісі Жомарт Нұршекенов кездесуде еңбекші әйелдердің әлеуметтік , еңбек құқықтарын қорғау, оларға кәсіподақ және еңбек заңнамасы аясында мейлінше қолдау жасау жайы түсіндірді.

Семинар барысында еңбек қатынастарын реттеу және еңбек дауларының алдын алу мақсатында кәсіподақ ұйымдарында атқарылатын жұмыстарға көңіл бөлінетіндігі де назардан тыс қалмады.

Сонымен қатар, кәсіподақ қозғалысын дамыту және кәсіподақ жетекшілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатындағы оң бастамалар таныстырылды.
Кездесу соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауаптарын алды.